Темірбек Ахметов

From Wikipedia, the free encyclopedia

Темірбек Ахметов (1919 жылы туған. Алматы облысы Бақанас ауданы Маралды ауылы — 1952 жылы, Алматы) — домбырашы , күйші. Ахметов жасынан домбыраға құмар болып, Хатшыбай деген домбырашы нағашысынан күй үйренген. Келе-келе халық күйлерін және халық композиторларының күйлерін шебер орындаушы дәрежесіне көтеріледі. Орындаушылықты әбден меңгердім деген кезде ол өз жанынан күй шығаруға талап қылады. Оның халық арасына көп тараған күйі — “Жетім бала”. Бұл күй қазірге дейін Ахметовтің күйшілік қарымын танытатын бірден-бір шығарма болып отыр.[1] Ахметов күйлерінің ерекшелігі - көбінесе квинта бұрауында (теріс бұрау) келеді.[2] Темірбек Ахметов 1937 жылдан Құрманғазы атындағы оркестрде еңбек еткен.

 Басқа мағыналар үшін Ахметов деген бетті қараңыз.

Дереккөздер

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.